«Sintez-KZ» медициналық холдингі оңалтуға арналған жабдықтар өндіреді
Егер адамды емдеу мүмкін болмаса, бұл оған көмектесуге болмайды дегенді білдірмейді!

ХОДУНКИ

ДЕНЕ ҚОЛДАУЫ БАР ЖҮРУ АРБАСЫ

ДЕНЕ ҚОЛДАУЫ БАР ЖҮРУ АРБАСЫ

Өнім ерікті моторикасының ауыр бұзылыстары бар мүгедек балалардың үй ішінде және сыртында қысқа қашықтыққа белсенді қозғалысына арналған. Жұру арбасы  емдік-профилактикалық, оңалту орталықтарында, сонымен қатар күнделікті өмірде қолданылады.

Құрылғы  – тірегі бекітілген доңғалақтардағы негіз, оның үстіңгі бөлігінде науқас костюмі бекітілген ілмегі бар, костюм науқастың тік күйінде және жүру кезінде тік тұруын және еркін қозғалысын қамтамасыз етеді. Ілмек  ұзындығын реттеу арқылы науқастың қажетті салмақсыздық дәрежесі қамтамасыз етіледі.

Құрылғы жеңіл, берік және коррозияға төзімді алюминий қорытпасынан жасалған. Дөңгелектер тежегіштермен жабдықталған.

Қолдану көрсеткіштері

  • Бастапқы тік тұрғызылмаған науқастарға - неврологиялық патологияға байланысты тірек-қимыл аппаратының дисфункциясы бар мүгедек балаларға арналған жаяу жүру жаттығулары;
  • Травматологиялық патологияға байланысты қозғалыс функциясын жоғалтқан науқастар үшін жаяу жаттығулары;
  • Тірек-қимыл аппаратының сегменттерінде хирургиялық араласудың салдары бар науқастар үшін жаяу жаттығулары;
  • Цереброваскулярлық  бұзылулардан туындаған ОЖЖ патологиясы бар науқастар үшін жаяу жүру жаттығулары.